"Анамнан жоғары дәреже жоқ!" Аналар күніне арналған оқырмандар конференциясы
Қазақстан Республикасының Аналар күніне арналған мереке қарсаңында "Анадан жоғары дәреже жоқ!" оқырман конференциясы №2 ООК-да Ақтас кентінің Аналар кеңесі мүшелері, қала жұртшылығы және оқырмандар активінің қатысуымен өтті.
Кездесуге қатысушылар еліміздегі аналар күні мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін талқылады, әлемдік және отандық әдебиеттегі ана бейнесіне арналған шығармаларды еске алды. Барлық спикерлер, соның ішінде Саран қаласының Құрметті азаматы Р.О. Сейтқазина, Ақтас кентінің Аналар кеңесінің мүшесі - "Ақ шаңырақ" ЭМБ жетекшісі М.Ж. Супьянова , Ақтас кенті әкімі аппаратының бас маманы Ж.М. Нұрахметова, конференция қонақтары қоғамдағы және отбасындағы аналардың мәртебесі туралы әңгімелесті, қазақстандық ақындардың ана туралы өлеңдерін тыңдады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -