Қарағандыда лаңкестікке қарсы жаттығулар өтеді
"City Mall" сауда орталығында (Бұқар Жырау даңғылы, 59/2 үй) және Қарағанды циркінің ғимаратында (Комиссаров көшесі, 45 үй) ертең, 15 мамыр сағат 09:30-дан 12:00-ге дейін лаңкестік белгілерге шұғыл ден қою бойынша оқу-жаттығулар жоспарлануда.
Сауда орталығы мен циркте шектеу шаралары қарастырылған. Сондай-ақ, "City Mall" сауда орталығы мен Қарағанды циркі ауданында Интернационалист-жауынгерлер көшесінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады.
"Тұрғындардан өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауды, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және халық арасында жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз", – деп қарағандылықтарға және қала қонақтарына лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы жүгінді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -