Қарағанды хайуанаттар бағы Халықаралық балаларды қорғау күнін бірге атап өтуге шақырады
1 маусым, Халықаралық балаларды қорғау күні, Қарағанды хайуанаттар бағында нағыз мерекелік кеш өтпек. Келушілерді көбік кеші, ходулистер қойылымы, трансформерлер шоуы, «Карамелька» студиясының аниматорлары, музыкалық концерт және тірі қуыршақтар күтеді. Басталуы 12:30.
– Мереке бірнеше алаңда өтеді. Келушілерді "Карамелька" студиясының балалар ойын-сауық бағдарламасы (аниматорлар, қуыршақтар, сабын көпіршіктері бар дискотека), Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің әртістерінің қатысуымен музыкалық бағдарлама, тірі қуыршақтармен фотосессия, аттракциондарда сырғанау күтеді. Сондай-ақ арнайы Астанадан көбік кешінің ұйымдастырушылар мен ходулистерді шақырдық. Бұдан басқа, көптеген тосынсыйлар болады, – деді хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -