Қарағандылық кәсіпкерлерге бизнесті жаңа деңгейге көтеру ұсынылды
"Террикон алқабы" ІТ-хабы 10 маусымда "Акселератор" кәсіпкерлеріне арналған білім беру бағдарламасының жаңа ағынын іске қосады. Жоба бизнесті кеңейтуге және пайдасын арттыруға ұмтылатындарға арналған.
Growthhack Accelerator 9 аптаға созылады. Тәжірибелі трекерлермен кездесулер жоспарланған. Білікті сарапшылар логистика, басқару және маркетинг саласындағы білімдерімен бөліседі.
"Сондай-ақ қатысушылар халықаралық мамандармен жұмыс істеуге, жылдам және тиімді құралдар арқылы команданың құзыреттілігін қалай дамыту керектігін білуге және жаңа клиенттерді тарту үшін өнім мен құндылық ұсынысын жинауға мүмкіндік алады. "Акселератор" финалында қатысушылар 25 млн теңгеге дейінгі сомаға бизнестерін инвестициялай алады және "Яндекс Облака" сервистерін пайдалануға 2,4 млн теңгеге Yandex Cloud Boost грантын ұтып алады", – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Тіркелу Instagram-да @terriconvalley сілтемесі және terricon.kz сайты арқылы қол жетімді.
Акселератор Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -