Қарағандылық студенттер геодезия бойынша халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды: Қарағанды ​​облысы, 21 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарағандылық студенттер геодезия бойынша халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Новосібірде геодезия бойынша IX Халықаралық студенттік олимпиада өтті. Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері тағы да өз шеберліктерін көрсетіп, тәжірибелік сынақтардың бірінде үшінші орынға ие болды.

Олимпиаданы Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті ұйымдастырды. Ол "Новосибирск Экспоцентр" ХКП-да XX Халықаралық көрме және "Интерэкспо ГЕО-Сібір 2024" ғылыми конгресі аясында өткізілді. Олимпиадаға қарағандылықтардан басқа Мәскеу, Санкт-Петербург, Тюмень, Иркутск, Семей, Омбы, Новосібір командалары қатысты.

Қарағанды командасының капитаны үшінші курс студенті Владимир Касаткин болды. Топтың құрамына студенттер Амина Ғалымова, Карина Ғалиуллина, Диляра Ахметбекова және Асылайым Тілеуқабыл кірді.

Теориялық бөлімде геодезияның барлық бөлімдері бойынша сұрақтарға жауап беру, есептерді шешу қажет болды. Практикалық бөлімде қарағандылықтар аспаптармен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. "Электронды тахеометрдің көмегімен алаңды анықтау" байқауында үшінші орын алды. Мұны дәл және тез жасау керек болды.

– Біздің студенттер бұл олимпиадаға бірінші рет қатысып отырған жоқ және әрқашан жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Біз қарсыластардың байсалды екенін білеміз. Команда мұқият дайындалып, сәтті өнер көрсетті. Бізде кафедрада көптеген құрылғылар бар, жабдықтар заманауи, оқу базасы жақсы. Халықаралық конгресс аясында өткен геодезиялық жабдықтар көрмесінде де біздің студенттер жаңалықтарға білікті мамандар секілді қызығушылық танытты. Компания өкілдері таң қалды: сіздер мұны қайдан білесіздер? деп сұрап жатты. Біздің студенттер "Біздің кафедрада бұл бар!" деп мақтанышпен жауап берді, – дейді Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының аға оқытушысы Екатерина Ситникова.

Оның айтуынша, геодезист мамандығына деген қызығушылық артып келеді: республикада еңбек нарығында мамандық сұранысқа ие. Түлектер құрылыс, жобалау, сәулет, геология және геофизика, егіншілік, кадастрлық жұмыстар және т. б. салаларда жұмыс таба алады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар