Қарағанды облысында алты жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады: Қарағанды ​​облысы, 22 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарағанды облысында алты жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

Биыл Қарағанды облысында алты жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады. Олар Осакаров, Қарқаралы, Нұра және Шет аудандарының аумағында болады.

Өртпен күреске 65 техника, 918 түрлі жабдық сатып алып, бір орман өртін сөндіру станциясын салу жоспарлануда. Қарағанды, Теміртау және Шахтинск орман екпелерінде өртті ерте анықтау жүйесі пайда болады. Оларды енгізу бөлімшелердің уақтылы әрекет етуін қамтамасыз етеді және өрттерді бастапқы кезеңде оқшаулауға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте өрт қауіпті кезеңнің өтуі және биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді.

– Өңірдегі өрт қауіпті кезең сәуір айынан басталып, қарашаға дейін жалғасады. Екі айдың ішінде өңірде жалпы ауданы 0,07 га болатын екі орман өрті орын алды, дала өрттері мен жану деректері тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта еш жерде өрт ошақтары жоқ, өңірдегі жағдай тұрақты, – деді Аманбек Бейсембаев.

Табиғи өрттерге жедел ден қою үшін Департаментте арнайы штаб құрылды. Азаматтық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, табиғат қорғау мекемелерінің күштері мен құралдары тұрақты дайындықта болады. Бұл 4 мыңнан астам адам және 322 бірлік техника.

ТЖД қызметкерлері ҚР ТЖМ Геосервис платформасы арқылы өңірдегі өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Азаматтық қорғаныс жауынгерлері халықпен профилактикалық кездесулер мен рейдтер өткізеді. Рейдтер барысында саяжай учаскелерінің аумағында құрғақ шөптер мен қоқыстарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың төрт фактісі анықталды. Кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

– Қарағанды облысының ТЖД өрттерді болдырмау үшіг от пен қоқыстарды ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жағуға рұқсат етілетінін еске салады. Ал жел тұрғанда от жағуға жол берілмейді, – деп атап өтті Аманбек Бейсембаев. – Елді мекендер мен ұйымдардың аумағында жанғыш қалдықтарды жинауға тыйым салынады. От жағу кезінде жоспарланған орынды жанғыш заттардан, материалдардан, құрғақ өсімдіктерден тазартып, қолда сөндіру құралдары болуы керек. От жағып болған соң жанып жатқан материалдар қалдықтарының жануы толығымен тоқтағанша сөндірілуі керек.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Карагандинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар