Қарағанды облысында экоамбассодорлар таңдалады
Қарағанды облысында кәсіпкерлер "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын белсенді қолдауда. Енді "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы табиғатты қорғауға, экологияны жақсартуға қосқан үлесі үшін марапаттар тағайындауды ұйғарды.
Байқауға кәсіпорындар мен қарапайым тұрғындар қатыса алады. Жеңімпаздар үш номинация бойынша таңдалады: "Экоамбассадор", "Экомеценат" және "Эко кәсіпкер". Бұл номинациялардың әрқайсысында үш үміткер болады. Қорытынды шешімді комиссия қабылдайды.
Өтінімдер 10 маусымға дейін мына сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/oHsefo5v1b9qRY616.
"Экоамбассадор" номинациясында экологиялық іс-шараларға және қоғамдық бастамаларға қатысу, эко проблемаларды шешуге инновациялық көзқарас, әлеуметтік жауапкершілік ескеріледі. "Экомеценат" номинациясына үміткер экологияны қолдауға жыл сайынғы шығындардың сомасын көрсетуі, білім беру және қайырымдылық экобағдарламаларын қаржылай қолдау, табиғи ресурстарды қорғауға қатысу, экологиялық таза технологияларға инвестициялау туралы айтуы тиіс. "Эко кәсіпкер" номинациясында критерийлер экологиялық жобаларға, экологиялық таза өнім шығаруға, инновациялық экологиялық шешімдерге, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік пен сертификаттауға жыл сайынғы инвестициялардың сомасына қатысты болады", - деп түсіндірді Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында.
Қосымша ақпарат: (8-7212) 50-64-16, 50-64-18.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -