Қарағанды облысының тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске үлес қоса алады
Қарағанды өңірінің еріктілері сыбайлас жемқорлықпен күресуге көмектеседі. Бүгін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен үшжақты кездесуде қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.
Қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер мен Антикор өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша идеяларымен бөлісіп, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасының тиімділігін атап өтті. Оған барлығы 100-ден астам еріктілер қатысады.
– Олар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайды, студенттік қоғамдастықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады, сондай-ақ тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетеді. Еріктілердің күш-жігерінің арқасында 100 млн теңгеден астам қаражат үнемделді, елді мекендерде жолдар салынды. Олар мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға белсенді қатысады, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов.
Облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қоғам қайраткерлерін еріктілер қозғалысын қолдауға шақырды. Ол бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
– Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында сүзгі ретінде әрекет етуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерін үздіксіз жетілдіру, қызығушылық таныту қажет. Бұл біздің ортақ міндетіміз, - деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Мен барлық еріктілерге біздің қоғамды жақсартқаны үшін алғыс айтамын.
Еріктілер мен қоғам қайраткерлерінің кездесуіне қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте этикалық нормалардан асып кетпеуге шақырды. Асыл миссияны «Зиян келтірме!» қағидаты бойынша жүзеге асыру керек.
– Бұл қағиданы өңірдегі өмірді қандай да бір жолмен жақсартқысы келетіндердің бәрі ұстануға тиіс. Еріктілер қатарына кіре отырып, мемлекеттік органдарда да адамдар жұмыс істейтінін ұмытпауымыз керек. Сіз өзіңіздің әрекетіңіз дұрыс деп санасаңыз да, жеке басқа тіл тигізуге болмайды. Еріктілікті идеализациялаудың қажеті жоқ: бұл көп уақыт пен адалдықты қажет ететін үлкен еңбек, – деп есептейді Теміртау еріктілер қозғалысының жетекшісі Алена Хегай.
Соңында азаматтық қоғамның антикор-еріктілермен тиімді өзара іс-қимылы жөнінде ұсыныстар айтылып, кеңестер берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -