Астанаға Ресейден әскери топографтар келді
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде әскерлерді геокеңістіктік ақпаратпен қамтамасыз ету саласындағы екі ел сарапшыларының кездесуі өтті.
Тараптар жұмыс үдерісінде ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны пайдалану алгоритмін, мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін талқылады. Одан өзге кездесуде 2025 жылға әскерлерді геоақпараттық (топогеодезиялық және навигациялық) қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары белгіленді.
Аталмыш шара Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрліктері арасындағы ағымдағы кезеңге арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -