Астанада вандалдарды ұстау жүріп жатыр
Елордалық полицейлер вандализммен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Қалада кезекті вандалдар табылып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Таңғы сағат 10:50 шамасында 44 жастағы ер адам қаланың тұрғын үй кешендерінің бірінің парикнг қақпасын бұзып кеткен. Оның келтірген залалы 58 500 теңгеге бағаланды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал Алматы ауданында 28 жастағы азамат кешкі уақытта пошта жәшігінің есігін әдейі бүлдіріп кеткен. Полицейлер ҚР ӘҚБтК сәйкес тәртіп бұзушыны тауып, жауапқа тартты.
Естеріңізге сала кетейік, «Заң және тәртіп» нарративі аясында полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдар вандализмге қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда. Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарына бөтеннің мүлкін қасақана бұзу немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық іс-әрекет болмаса, 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынын ескертеді.
Полиция қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр. Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада «Тоқта, вандал» акциясы жалғасуда, оның аясында күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жүргізіліп жатыр.
2025 жылдың басынан бастап 61 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 40 адам қамауға алынды. Сол сияқты 21 адамға жалпы сомасы 3 605 440 теңге айыппұл салынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -