Астанадағы аумақтық қорғаныс бригаданың 50-ден астам әскери міндеттісіне кезекті әскери атақ берілді: Астана қаласы, 24 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астанадағы аумақтық қорғаныс бригаданың 50-ден астам әскери міндеттісіне кезекті әскери атақ берілді

Елорданың аумақтық қорғаныс бригадасында запастағы құраммен өткен жоспарлы әскери жиын соңы тактикалық-арнайы жаттығулармен аяқталды. Шара Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылды.

Он күн ішінде 99255 әскери бөлімінде 22 офицер, 78 сержант және запастағы қатардағы жауынгер далалық машығын арттырып, бөлімшелер құрамындағы іс-қимылды шыңдады. Мұндай оқу-жаттығу жиынының мақсаты – әскери міндеттілер қатарынан жұмылдыру ресурстарын дайындау және қайта даярлау.

Оқу-жаттығудың тактикалық эпизодын «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ержан Ыбыраев пен аумақтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік ететін елорда әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов бақылады.

– Биыл алғаш рет әскери жиынға табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жоюға арналған арнайы әскерлер батальонын шақырдық. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында аумақтық қорғаныс әскери міндеттілерінен құралған бригадалар ТЖ бөлімшелерінің азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс күш-құралдарымен бірлесіп міндеттерді орындады. Оқу-жаттығуға қатысушылар су тасқынында құтқару жұмыстары кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады, – деді «Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы.

Астана қаласындағы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Омар Орынбаев әскери міндеттілермен ротаны арнайы орналастыру, жауынгерлік үйлестіру, диверсиялық топтармен күрес, өмірлік маңызды объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру бойынша сабақтар өткізілгенін атап өтті.

Жиынға қатысушылар оған қоса елді мекендер мен тұрғын үй алаптарында жарылыс қаупі бар заттар табылған жағдайдағы аумақтық қорғаныс бригадасы инженерлік-саперлік ротасы штаттық бөлімшесінің іс-қимылын пысықтады. Жарылғыш заттар болуы мүмкін учаскелер туралы нақты және егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін саперлер техникалық барлау жұмыстарын жүргізді. Содан кейін минадан тазарту тобы жарылғыш затты снарядпен залалсыздандыру, тасымалдау және жою жұмыстарына кірісті.

Әскери міндеттілер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дағдыларын да көрсетті.

– Жастардың бірі университеттің әскери кафедрасын бітірген, бірі әскерде борышын өтеген, – деді ол. – Он күн ішінде олар бұрын үйренген әскери-есептік мамандықтарының негіздерін еске түсіріп, жаңасын игерді, өйткені жауынгерлік техника мен қару-жарақ жетілдірілуде, ескі үлгілердің орнына жаңалары келуде.

Жиын соңында қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрамдағы 53 әскери міндеттіге кезекті әскери атақ берілді. Сонымен қатар, запастағы 22 офицерге министрдің бұйрығымен кезекті әскери атақ беріледі.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар