Астанадағы ерекше мақсаттағы бригадада отыздан астам қарағандылық қызмет етеді
Қарағандыда "Мәңгілік алау" жауынгерлік даңқ мемориалдық кешенінің жанында әскери техника, қару-жарақ және киім үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылып, әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шараға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері және әскерге алынғандардың ата-аналары қатысты.
– Сендер Отан қорғаушы болып барғалы тұрсыңдар. Осы маңызды күнмен құттықтаймын. Армия өмір мектебі деп бекер айтылмаған. Әр адам оны өтуі керек. Сендер адал қызмет етіп, әскери мамандықты жан-жақты меңгеретіндеріңе сенімдімін, – деді Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жанас Құнанбаев жастарға.
Концерттік бағдарламадан кейін "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері әскерге шақырылушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Дмитрий Буксман денсаулық жағдайын тексеру және әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін әскерге шақырылушылар аудандық және облыстық медициналық комиссияларда куәландырудан өткенін түсіндірді.
– Командаларды жасақтау кезінде жастардың денсаулық жағдайы, мамандығы ескеріледі. Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру факультеттерін бітірген, бронды танк техникасын шығарумен байланысты ұйымдарда жұмыс істейтін әскерге шақырылушылар негізінен Құрлық әскерлеріне жіберіледі. Математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттердің түлектері Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштеріне барады. Десанттық-шабуылдау әскерлері орта білімі, шымыр әрі шыныққан әскерге шақырылушылармен жасақталады, бірінші кезекте олар спортшылар, – деп атап өтті полковник Дмитрий Буксман.
Күзгі әскерге шақыру барысында Қарулы күштердің қатары барлығы 1100 қарағандылықпен толығады. Қазіргі уақытта армияда мерзімді қызмет өткеру үшін қолайлы жағдай жасалған. Әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құраммен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері енгізілді. Барлық бөлімшелерде бейнебақылау жүйелері орнатылған, әлеуметтік сауалнамалар үнемі өткізіліп тұрады, психологтар жұмыс істейді.
Мерзімді әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру үшін биылғы жылы білім беру жеңілдіктері заңды түрде бекітілді. Әскерде қызмет еткен азаматтар ҰБТ-сыз жоғары оқу орнына түсе алады. Олар сондай-ақ студенттік жатақханадан орын алуға құқылы. Одан бөлек несиелік каникул да бар. Қаржылық міндеттемелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру өсімсіз, тікелей қызмет мерзімін және әскердегі қызметті аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтиды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -