Қазақстан мен Түрікменстанның сауда министрлері ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Түрікменстанның Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Бегенч Гочмоллаев кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға байланысты кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты.
2023 жылы екіжақты тауар айналымы 28,4%-ға өсіп, $563,1 млн-ды құрады. Кездесу барысында министрлер екі жақты сауданы қатынасын одан әрі дамыту және оның оң динамикасын сақтау үшін барынша күш салуға келісті. Түрікменстан нарығы қазақстандық өңделген өнімді экспорттауға қызығушылық танытып отыр. Қазақстанның Сауда министрінің айтуынша, Түрікменстанға экспортты ұлғайту әлеуеті $120,3 млн-ды құрайды.
«Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанның экспорттық-несиелік агенттігі («KazakhExport») түрікмен серіктестеріне ұзақ мерзімді сауда қаржыландыру және сауда жеткізілімдерін сақтандыру саласында қолдау көрсетуге дайын», - деп мәлімдеді Арман Шаққалиев. Қазақстан теміржол машина жасау өнімдері мен басқа да жоғары технологиялық өнімдерді «KazakhExport» сақтандыру қамтуы бойынша жеткізуге дайын.
Өз кезегінде, Түрікменстанның Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Бегенч Гочмоллаев екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға дайын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Түрікменстанның шекара маңындағы аймақтарында сауда үйлерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, бұл ынтымақтастықты тереңдетуге қосымша серпін береді деді.
Қазақстан мен Түрікменстан өзара тиімділік пен сенім негізінде барлық салада ынтымақтастықты нығайта береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -