Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жануарлардан алынатын өнімдерді заңсыз әкелу және әкету әрекеттерінің алдын алынды
2024 жылғы 5 қазанда Жамбыл облысындағы «Қордай» Ветеринариялық бақылау бекетінде қажетті ветеринариялық ілеспе құжатсыз Қырғыз Республикасының аумағынан ел аумағына бір тонна сүт өнімін әкелуге тырысқан автокөлік ұсталды. Бұл бұзушылықты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Құжаттамалық бақылау процесінде анықтады.
Жүргізушілерге айыппұлдар салынып, жүктер жөнелту пунктіне қайтарылды.
2024 жылдың басынан бастап шекараның Қазақстан-Қырғыз учаскесінде орналасқан Ветеринариялық бақылау бекеттерінде ветеринариялық ілеспе құжаттардың болмауына байланысты анықталған құқық бұзушылықтар туралы 77 акт жасалды. Әкімшілік айыппұлдар 3,2 млн теңгеден асты.
«Қордай» БКП-да 50 әкімшілік материал ресімделді, 2,2 млн теңге айыппұл өндірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -