Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мәди Такиевтің Бельгия Корольдігіне сапары
Брюссельде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Бельгия Корольдігінің Федералды Вице-премьері – Қаржы және зейнетақымен қамсыздандыру министрі Ян Ямбонмен кездесті.
Оның барысында Мәди Төкешұлы бельгиялық әріптесін жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қаржылық ынтымақтастық одан әрі нығайып, табысты әрі жемісті жалғасын табатынына сенім білдірді.
Бұған қоса М.Такиев Қазақстанның аталған елмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге және өзара сауда көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды жалғастыруға және Қаржы министрліктері арасында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қоюға уағдаласты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -