Қазақстан СІМ-де экологиялық қауіпсіздік және адам құқықтары мен ТДМ бойынша көрсеткіштерді байланыстыру мәселелері талқыланды: Астана қаласы, 31 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан СІМ-де экологиялық қауіпсіздік және адам құқықтары мен ТДМ бойынша көрсеткіштерді байланыстыру мәселелері талқыланды

Астана, 2024 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлованың төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Қазақстандағы адам құқықтары мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер қаралды.

Отырысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев баяндамасымен ашты. Өз сөзінде ол экологиялық әділеттілік қағидаттарын енгізудің және табиғи ресурстарды тұрақты басқаруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Баяндама ҮЕҰ өкілдері, журналистер, белсенділер, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі сарапшылар қатысқан талқылаумен жалғасты. Экологиялық шешімдер қабылдауда және азаматтық қоғамның экологиялық маңызды шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысуында ашықтық қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Отырыстың екінші кезеңінде ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова адам құқықтарының сақталуын бағалау бойынша ұлттық индикаторлардың орындалу барысы туралы баяндама жасады. Ол халықаралық стандарттарды ұлттық шындыққа бейімдеудің маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында үдерістерді цифрландыру, қоғамдық бақылауды күшейту және халықтың адам құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мәселелері көтерілді. Қазақстан халықаралық ұйымдар үшін ашықтық саясатын және өмір сүру сапасының деңгейін қамтамасыз ету, адам құқықтарын сақтау, инклюзивті қоғам құру, қоғамдық институттар мен гендерлік теңдікті дамыту міндеттерін тұрақты ұстана отырып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы ерікті баяндама ұсынатын елдердің қатарына кіреді.

Азаматтық қоғам өкілдері елдік есептерді дайындауға, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Әлеуметтік қорғау аспектілері кездесу барысында көтерілген негізгі тақырыптардың бірі болды.

Отырыстың соңында консультативтік органның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті арттыру және адам құқықтарын сақтау жөніндегі бастамаларды іске асыруға бағытталған 2025 жылға арналған жоспарларды талқылады.

Отырыс Қазақстанның адам құқықтары мен экология салаларындағы демократиялық қағидаттар мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға ұмтылысын көрсетті.

«Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР СІМ бастамасымен құрылды. Алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты ілгерілетудің тиімді құралы ретінде қызмет атқарады. Алаңда халықаралық ұйымдар (БҰҰДБ, БҰҰ БЖКБ, ЕҚЫҰ және т.б.) өкілдерінің байқаушылар ретінде қатысуымен адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі өзекті мәселелері талқыланады.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар