Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды: Астана қаласы, 18 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Қостанай, 2024 жылғы 9 желтоқсан – Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесу өткізіп, бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Облыс әкімімен өткен кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және машина жасау сияқты негізгі салаларда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Инвестициялық қызметті қолдау мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту, соның ішінде логистикалық маршруттарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар делегация Рудный қаласында орналасқан «Соколов-Сарыбай кен-өндірістік бірлестігі» АҚ-ның Соколов кенішіне және байыту фабрикасына барып, темір кенін өндіру, темір рудасының түйіршіктері мен концентраттарын шығару процестерімен танысты. Компанияның өндірісті дамыту және инвестициялық жоспарлары туралы ақпарат берілді.

Сапар барысында Ә.Қуантыров 78 млрд теңгеге салынған «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына және 90 млрд теңге көлемінде инвестицияланған «TEHNOPARK KZ» ЖШС автомобиль кузовтарын шығаратын зауытқа барды. Бұл екі жоба да өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін маңызды болып табылады.

Делегация сондай-ақ 90 млрд теңгеге салынатын «KIA» автомобиль зауытының құрылыс барысымен танысты. Жоспарға сәйкес зауыт 2025 жылы пайдалануға беріліп, жылына 70 мың автокөлік шығаратын болады. Инвесторлар зауыттың мультипликативтік әсері туралы айтып, бірқатар корей компанияларының Қостанай облысында автокөлікке қажетті қосалқы бөлшектер шығару өндірісін ашу жоспары бар екенін атап өтті. Бұл жобаны іске асыру үшін «KIA» компаниясы ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшартқа қол қойды.

Әрі қарай Ә.Қуантыров пен А.Қожанов құны 20,7 млн доллар құрайтын «Баян Сұлу» АҚ-ның бисквит шығаратын жаңа цехының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл цех 2026 жылы іске қосылады. Сондай-ақ делегация сүт өнімдері мен балмұздақ өндіретін зауытқа және «МИЛХ» ЖШС-тың ірімшік шығаратын цехының құрылыс алаңына барды. Компания басшылығы өндірістік нысандарды кеңейту жоспарлары туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар «Qostanai Grain Industry» ЖШС-пен өткен кездесуде компания басшылары жалпы құны 70 млрд теңге болатын астықты терең өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаның таныстырылымын өткізді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 415 мың тонна астықты құрайды. Жобаны 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Осы жобаны жүзеге асыру аясында компания ҚР Үкіметімен инвестициялық келісімге қол қоюға өтінім беруді жоспарлап отыр.

Қостанай облысы экономиканы нығайту, салаларды әртараптандыру және жұмыс орындарын ашуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және халықаралық инвесторларды белсенді түрде тартып келеді. Қазіргі уақытта өңірдің инвестициялық пулында жалпы құны 2,2 трлн теңгені құрайтын 38 жоба бар. Бұл жобалар фосфор тыңайтқыштарын, құрылыс материалдарын және азық-түлік тауарларын өндіруді қамтиды. Іске қосылған жобалар 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар