ҚАЗАҚСТАНДА ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ КӨКЖӨТЕЛМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛШАМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ТӨМЕНДЕДІ
Қазақстанда қабылданған эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде мамыр айында сәуірмен салыстырғанда көкжөтелмен сырқаттанушылықтың 55%-ға және қызылшамен сырқаттанушылықтың 60%-ға төмендеуі байқалады. Бұл ретте сырқаттанушылық негізінен вакцинацияланбаған балалардың арасында тіркеледі, бұл ауруға шалдыққан балалар санының 90%-ын құрайды.
Денсаулық сақтау министрлігі көкжөтел мен қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдай отырып, жұмысты жалғастыруда.
Жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың ай сайынғы мониторингі қамтамасыз етіледі, атап айтқанда, қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны аяқталуда, оның барысында бүгінде 1,4 млн.астам адам егілді.
Сондай-ақ, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі балалардың арасында толыққанды иммундауды жүргізу үшін қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда вакцинациялау шеңберінде 200 мыңнан астам бала егілді.
Сонымен қатар, еліміздегі иммундау бағдарламасының жетістігі әрбір азаматқа байланысты. Осыған байланысты, ата-аналардың назарын балаларды уақтылы иммундау қажеттілігіне аударамыз. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда профилактикалық егуді алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз.
Көкжөтел мен қызылша ауруының белгілері пайда болған кезде Денсаулық сақтау министрлігі дереу медициналық көмекке жүгінуге және өзін-өзі емдемеуге шақырады.
Жұқтыру мен аурудың ықтимал асқынуларының алдын алу ауырып қалу қаупінен гөрі жақсы екенін еске саламыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -