Қазақстандық журналистер мен блогерлерді әскери қақтығыс аймағында жұмыс істеуге үйретеді
Қорғаныс министрлігінің бастамасымен «Әскери дискурс» оқу-тәжірибелік семинары 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді. Мұнда жыл сайын отандық жетекші телеарналардың, ақпараттық агенттіктер мен мерзімді басылым журналистері жиналады.
Семинардың бірінші күні бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне журналистің қақтығыс аймағына дайындығы туралы дәріс оқылды. Қызмет бабымен бірнеше рет «шиеленіс нүктелерде» болып қайтқан тәжірибелі нұсқаушылар тілшілерге қақтығыс аймағында жұмыс істеу үшін кетер алдында нені білу қажет, өздерімен бірге қандай құжаттар мен заттарды алып жүруге тиіс және өзге елде өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндірді.
– Мен «Әскери дискурс» бағдарламасының негізін қалаушылардың бірімін. Біз бағдарламаны әзірлеген кезде ең бірінші ой журналистерді қауіпсіздік шараларына үйрету болды. Сабақ барысында алған білім болашақта біреуге көмектессе, онда біз көздеген мақсатымызға жете алдық, – деді нұсқаушылардың бірі.
Семинардың бірінші күнінде журналистермен нұсқаушылардан бөлек Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығының маманы 3-сыныпты сержант Юлия Березовская тактикалық медицина бойынша сабақ өткізді. Ол өз дәрісінде қан кету түрлерін тану және оларды тоқтату әдістерін, сынықтарды жіктеу және оларға алғашқы көмек көрсету және ес-түссіз жатқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету тақырыптарын қамтыды. Мұнда журналистер тек сұрақ қойып қана қоймай, резеңке жгутты және бекіткіш таңғышты өз бетінше қолданып көрді.
– Мен әскери дискурсқа бірінші рет қатысып отырмын. Жаңа дағдыларды игеру үшін бұл курсты бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігінше көп өкілдері өтуі керек деп санаймын. Жеке өзім үшін әскери қақтығыс аймағындағы журналистің мінез-құлық ережелерінің тізімі нағыз жаңалық болды. Мен олардың үшеуін ғана біледі екенмін, сондықтан естігенімнің бәрін түртіп отыруға тырыстым. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған, нұсқаушылардың үлкен тәжірибесі мен кәсіби дайындығы бар, – дейді «Курсив» басылымының тілшісі Әйгерім Тұқышева.
Семинар қатысушыларын алда практикалық сабақтарға толы екі күн күтіп тұр. Көптеген журналистердің пікірінше, «Әскери дискурс» семинары ұзақ уақыт есте қалатын курс болмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -