Бір күнде облыстың алты ауданында табиғи өрттер болды
Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөптер мен қамыстың өртенуі алдын ала жалпы ауданы 33 га болды.
ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 ауданда өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ.
Барлық фактілер бойынша халықтың отпен абайсыз пайдалануы себеп болды, атап айтқанда: төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі.
Ақмола облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -