Болашақ өскелең ұрпақтың қолында
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсенбаев Астана қаласындағы №103 мектепте болды.
Өз сөзінде Экология министрі Экологиялық мәдениет тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттері, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау маңыздылығы, өткізіліп жатқан экологиялық науқандар және т.б. шараларды атап өтті.
Шара барысында «Жасыл Даму» АҚ өкілдері жиналғандарға қалдықтарды жинау жүйесін көрсетті, мектепте фандомат құрылғысы орнатылды.
Екі министрдің қатысуымен мектеп алаңында да ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі:
1) Экологиялық білімге кіріспе;
2) Қалдықтарды сұрыптау негіздері;
3) Қоршаған ортаны құрметтеу: табиғатты аялау, жануарларды қорғау;
4) Экотуризм тақырыптары бойынша геймификациясы бар бейнероликтер дайындады.
Алдағы уақытта бұл бейнероликтер «Жасыл клубтар» аясында барлық оқу орындарында көрсетілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -