Бюджетті нақтылау: Жетісу облысында қаражат әлеуметтік жобаларға бағытталатын болады
Жетісу облысында облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс XXV сессиясы өтіп, онда 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірдегі экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі жұмыс жоспарына қатысты бірқатар мәселелер қаралды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау бойынша облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов баяндама жасады.
Аталып өткендей, 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтарын өңір халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін басым әлеуметтік жобаларға бағыттау туралы шешім қабылданды. Олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алу, тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық желілер, жолдарды жөндеу, бұл ретте облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс орталығын дамыту мен абаттандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қабылданатын шаралар бірінші кезекте инфрақұрылымды жаңғыртуға және жайлы қалалық орта құруға бағытталатын болады.
Облыс орталығын дамыту жоспарлары туралы толығырақ қала әкімі Ернат Бәзіл баяндады. Оның айтуынша, жаңа шағынаудандарда тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу, жылу желілерін қайта жөндеу және жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасады. Қаланың ескі шағынаудандарының архитектуралық келбетін жаңартуға, үйлердің шатыры мен қасбетін қайта жаңартудан бастап, аула аумақтарына дейін назар аударылатын болады. Оның үстіне Талдықорғанды жаңа саябақтар мен скверлер көріктендіріп, арық желілері де жөнделеді.
Сессияны қорытындылай келе, облыс әкімі Бейбіт Исабаев 2024 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, жалпы экономикалық дамуды жақсартуға мүмкіндік беретінін, бұл кешенді түрде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кетерлік жайт, депутаттар нақтылаушы сұрақтар қойып және өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар енгізе отырып, облыстың басты қаржылық құжатына енгізілген өзгерістерді қолдады.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фототілші: Дмитрий Ерофеев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -