C. Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
2024 жылғы 10-11 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Алматы облысына барады, жұмыс сапары барысында халықпен бірқатар кездесулер өткізеді.
Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ тұрғындарының сұрақтары қаралады.
Министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.
Азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -