Дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау жөніндегі кеңес
Балқаш қаласы әкімінің орынбасары С.Ж. Жақсылықованың қатысуымен Балқаш қаласының дәрілік заттарды бөлшек саудада сату субъектілерімен кездесу өткізілді.
Дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу кезіндегі проблемалық мәселелер талқыланды.
Бүгінгі таңда Балқаш қаласында 25 жеке дәріханадан 24 дәріхана дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу үшін жабдықтар сатып алды. Дайындық деңгейі 96% құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау елде 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі. Тауарларды таңбалаудың басты мақсаты-тұтынушыларды контрафактілік және жалған өнімдерден қорғау.
Кодпен таңбалау-бұл өнімге арнайы сәйкестендіру құралын қолдану-қара және ақ өрістер түріндегі екі өлшемді шаршы кескін. Кодта өндіруші, шыққан елі, сериялық нөмірі және бұзудан қорғау туралы ақпарат бар. Таңбалау кодтарын енгізуді дәрілік заттарды өндірушілер жүзеге асыратын болады.
Таңбалау жүйесіне дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары енгізілген. Қажетті ақпараттық жүйелер кедендік кіруден бастап соңғы алушыға берілгенге дейін біріктіріледі.
Бұл жобаның нәтижесі дәрілік заттардың заңсыз айналымының жолын кесу болады, бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне оң әсер ететіні сөзсіз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -