Дания Корольдігінің әскери сарапшылары белгіленген аумақты тексерді
Данияның инспекциялық тобы сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары жөніндегі 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде бағалау сапарымен келді.
Шетелдік сарапшылар Қарағанды гарнизонының 610-шы авиациялық базасына инспекция жүргізді. Брифинг барысында әуе базасының командирі оның құрылу тарихы, құрылымы, міндеттері, мақсаты және әскери-техникалық жарақтандырылуы туралы айтып берді.
Инспекторлар авиациялық паркті қарап, әскери инфрақұрылым нысандарын аралады.
ҚР Қарулы күштері мамандарының кәсібилігін жоғары деп атап өтіп, әскери сарапшылар Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерін толық орындағанын растады.
Әскери мамандар ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының ілеспе тобына, авиациялық база мен әскери-көліктік авиация қолбасшылығына инспекциялауға жәрдемдескені үшін ризашылықтарын білдірді.
Бағалау инспекциясын қорытындылау кезінде Дания әскери қызметшілері мәлімделген деректердің нақты ахуалға сәйкестігін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -