ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАР ЛАГЕРЛЕРІНДЕГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫР
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында қала сыртындағы балалар лагерлерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізеді.
Профилактикалық іс-шаралар. Биылғы жылы сумен жабдықтаудың жай-күйін, тамақ өнімдерінің сапасын және балалар тұратын жерлердегі гигиена нормаларының сақталуын бақылау шаралары күшейтілетін болады. Әрбір лагерде қажетті көмек көрсету үшін медициналық персоналдың болуы көзделген.
Әрбір лагерге бекітілген ықтимал эпидемиологиялық жағдайларға даярлық деңгейін арттыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері үшін 100-ден астам оқыту семинарларын өткізді, оларды сақтау ашуға рұқсат алу үшін қажет болатын 163 лагерде санитариялық қағидалардың талаптары бойынша консультациялар мен түсіндірмелер ұйымдастырылды.
Балалар мен олардың ата-аналарына жеке гигиена және инфекциялық аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ лагерлерде таратылатын жадынамалар мен ұсынымдар әзірленді.
Мониторинг және бақылау. Шомылу орындарында су қоймаларының 95 су сынамасы және топырақтың 41 сынамасы іріктеліп алынды, зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.
45 маусымдық қала сыртындағы лагерь мониторинпен қамтылды.
Бүкіл маусым бойы су қоймалары мен бассендердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.
Балалардың жазғы лагерде болу қауіпсіздігінің негізгі талаптары: лагерь аумағы қоршалуы, ауыз суды үздіксіз беру, ыстық сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, желдету ұйымдастырылуы тиіс. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі тиіс. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Балалардың қауіпсіз демалуы үшін келесі ұсынымдарды орындау қажет.
Жазғы балалар ұйымдарының иелері:
Балалардың келуі басталғанға дейін лагерлерді ашуға уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету және лагердің белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуы тиіс. Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары жоқ адамдарды балалармен және ас блогымен жұмыс істеуге жібермеуі тиіс. Қызметкерлерді медициналық қарап-тексеруге уақтылы жіберуі тиіс. Балалардың саны лагердің қуатына (жатын бөлмелері, ас блогындағы технологиялық жабдықтар) сәйкес келуі тиіс. Балалардың сырқаттануының алғашқы белгілерінде – жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласуы тиіс.Ата-аналар:
Лагерді таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылған балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін басшылыққа алуы тиіс. Баланы қала маңындағы лагерге жібермес бұрын оның жай-күйін тексеру керек. Баланың аллергиясы, созылмалы аурулары және тағамдық артықшылықтары туралы алып жүретін адамға (педагогқа) алдын-ала ескертуі, бұл туралы баланың медициналық анықтамасында да жазылуы керек. Бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажет (байланыс телефондары мен мекенжайлары ресми сайттарда орналастырылған).Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -