ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
Онкологиялық және басқа ауруларды диагностикалаудың басым әдістерінің бірі компьютерлік томографиямен (КТ) біріктірілген позитрондық-эмиссиялық томография (ПЭТ) болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Астана, Алматы, Семей және Шымкент қалаларында 10 ПЭТ/КТ аппараты бар 7 орталық жұмыс істейді. ПЭТ-зерттеулердің қолжетімділігін кеңейту үшін елдің батысында қосымша ядролық медицина орталығын ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар, алдағы жылдары радиофармпрепараттар (РФП) өндірісін кеңейту жоспарлануда. 2008 жылдан бастап елде бір ғана әмбебап РФП - фтородезоксиглюкоза өндіріледі. РФП-ның тағы алты түрін өндіруді жолға қою жоспарлануда, бұл қатерлі ісіктерді, сондай-ақ кардиология және неврология саласындағы ауруларды диагностикалау мен емдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Радионуклидтік терапияның қолжетімділігіне ерекше назар аударылатын болады. Қазіргі уақытта ол Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының базасында қалқанша безінің аурулары үшін ғана жүргізіледі. Болашақта Ұлттық ғылыми онкологиялы орталықтың базасында Астанада радионуклидтік терапия үшін қосымша төсек ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ПЭТ-зерттеулер мен радиоиодтерапияға кезектіліктің ашық бөлінуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай үйлестіру орталығын құру жоспарлануда, бұл барлық азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін тиімді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық азаматтары үшін медициналық көмектің жоғары тиімділігіне, қолжетімділігі мен сапасына қол жеткізуге ұмтыла отырып, онкологиялық қызметті жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -