Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды: Астана қаласы, 05 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды

Ұстаздар күні мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласына елеулі үлес қосқан мұғалімдерді марапаттады. Президент білім беру жүйесіндегі үздік жетістіктері мен ерен еңбегі үшін бірқатар педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын табыстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марапатталған ұстаздардың қатарында білім беру ісінде ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет етіп келе жатқан Астанадағы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Күшай Тердикбай да бар. «Бүгін саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ардагер мұғалімдер отыр. Күшәй Тердикбай, Күліш Төлеуханова және Күләш Рахметованың еңбек жолы – жас буынға үлгі-өнеге. Мен қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға зор алғыс айтамын», - деді Мемлекет басшысы.

Күшай Тердикбай өзінің ұстаздық жолында талай шәкірттің шырағын жағып, оқушыларының жүрегінде терең із қалдырған. Оның шәкірттері бүгінде түрлі салада табысты жұмыс істеп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

Айта кетейiк, бүгінгі таңда елорданың білім беру ұйымдарында 26 944 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдер күні қарсаңында ведомстволық наградаларға саланың 3500 үздік маманы ие болды.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Ұстаздар күні мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласына елеулі үлес қосқан мұғалімдерді марапаттады. Президент білім беру жүйесіндегі үздік жетістіктері мен ерен еңбегі үшін бірқатар педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын табыстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p> <p>Марапатталған ұстаздардың қатарында білім беру ісінде ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет етіп келе жатқан Астанадағы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Күшай Тердикбай да бар. «Бүгін саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ардагер мұғалімдер отыр. Күшәй Тердикбай, Күліш Төлеуханова және Күләш Рахметованың еңбек жолы – жас буынға үлгі-өнеге. Мен қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға зор алғыс айтамын», - деді Мемлекет басшысы. </p> <p>Күшай Тердикбай өзінің ұстаздық жолында талай шәкірттің шырағын жағып, оқушыларының жүрегінде терең із қалдырған. Оның шәкірттері бүгінде түрлі салада табысты жұмыс істеп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.</p> <p>Айта кетейiк, бүгінгі таңда елорданың білім беру ұйымдарында 26 944 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдер күні қарсаңында ведомстволық наградаларға саланың 3500 үздік маманы ие болды.</p>

Аймақтағы жаңалықтар