Есту қабілеті бұзылған қарағандылық спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді
Қарағанды облысының командасы есту қабілеті нашар спортшылар арасында тхэквондодан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті. Біріншілік Қарағандыда, "Жастар" спорт кешенінде өтті. 80-нен астам спортшы шайқасты. Қарағандылықтар 12 марапатқа ие болды: 8 алтын медаль, екі күміс және екі қола.
Біріншілікті венгр саясаткері, Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің (ХССК) президенті Адам Коса бастады. Ол Еуропалық Парламентте ымдау тілін қолданатын алғашқы саңырау депутат.
- Мен Астанаға футзалдан саңыраулар арасындағы әлем чемпионатына арнайы ұштым. Қарағандыда тхэквондодан жарыс өтіп жатқанын білген соң, оған да қатысқым келді. Бүгін Сіздердің еліңізде сурдоспорт белсенді дамып келеді, бұл бізді өте қуантады. Жоғары деңгейде дзюдодан чемпионат өтті. 2026 жылы да күрес, дзюдо және тхэквондо чемпионаттарын өткізе аламыз деп үміттенеміз. Бұдан басқа, халықаралық комитет Қазақстанға 2027 жылы қысқы Сурдлимпиада ойындарын өткізуді ұйымдастыруды ұсынғысы келеді, - деді Адам Коса.
Қарағандылық жауынгер Жақып Нұрдәулет - 24-ші Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері. 20 жылға жуық кәсіби спортпен шұғылданады. Осы чемпионатта облыстық құраманың қоржынына алтын медальдардың бірін алып келді. Қазір Азия және әлем чемпионаттарына қатысуды жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ Жапониядағы 25-ші Сурдлимпиада ойындарына дайындалады.
Қазақстан чемпионатында екінші орынды Жамбыл облысының спортшылары, үшінші орынды Астанадан келген тхэквондистер иеленді.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -