Франциядан келген фортепиано дуэті Қарағанды сахнасында өнер көрсетеді
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 19 мамыр күні сағат 17:00-де "Шалқыма" концерт залына Франциядан келген фортепиано дуэті Arthur Angelle және Ludmila Berlinskaya және Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің өнер кешіне шақырады.
Arthur Angelle және Ludmila Вerlinskaya дуэті – халықаралық сахнадағы ең танымал және маңызды фортепиано дуэттерінің бірі. Ол 2011 жылы құрылған. Дуэт бүкіл әлемдегі беделді залдарда өнер көрсетеді – Париж филармониясы, Аудиториум Радио Франс, Гаво Залы, Мәскеу және Санкт-Петербург филармониялары, Мариин театрының Концерт залы және т. б. Дуэт әйгілі оркестрлермен, соның ішінде Иль-де-Франс Ұлттық оркестрімен, Пикардия Оркестрімен, Санкт-Петербург филармониясының Академиялық симфониялық оркестрімен, Фрайбург филармониялық оркестрімен, Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласы филармониясының оркестрімен, Орал академиялық филармониялық оркестрімен ынтымақтасады.
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің құрамына Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаев (виолончель) кіреді.
Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.
Концерт бағдарламасында: Камиль Сен-Санстың 1-бөлімі "Өлім биі", Александр Бородин "Половецк билері" (Виктор Бабиннің транскрипциясындағы сюита), Виктор Бабин the piper polmood (шотландтық тақырыптардағы қиял), Игорь Стравинский "Петрушка" балетінен үш үзінді (Виктор Бабиннің транскрипциясы). 2-бөлім: Антонин Дворжак № 2 Фортепиано квинтеті, опус 81, Құрманғазы "Балбырауын" (Арман Жайымның фортепиано квинтетіне арналған өңдеуі).
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -