«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Баспасөз хабарламасы
«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 12-13/5383 тапсырмасын және трансферттік баға белгілеу шараларын күшейту мақсатында халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелер мониторингіне жататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін кеңейту бөлігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 10-10-1468 сұрау салуына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты трансферттік баға белгілеу кезінде мәмілелерді әкімшілендіруді бақылауды және олардың ашықтығын жақсарту мақсатында «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін кеңейту болып табылады.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 13 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған, сілтемесі: http://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15044274 .
Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 27 мамырына дейін.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -