«Иесіз және күдікті заттарды тауып алған кездегі әрекеттер»
Шымкент қаласы терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобында террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын ұйымдастыру мәселесі қаралды.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілеріне және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілері терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес, жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері «Авто-Нұр», «Тұлпар», «Барыс», «Ақбар» және «Крытый» базарлары объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізді.
Террорлық акті орын алған кезде техногендік қауіптерді азайту және жою үшін алғашқы шараларды жедел әрі білікті түрде жүргізу маңызды. Сол себепті объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың әзірлігі пысықталды.
Нақты бір объектіде террорлық акті жасалғанда немесе сондай қауіп туындаған кезде персоналдың іс-қимыл алгоритмдері түсіндіріліп, базарларда орналасқан барлық бейнекамераларды полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосу мәселесі аталып өтті.
Материал Шымкент қаласы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -