Күзет басқармасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем- Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы Мамандандырылған күзет басқармасында «Діни экстремизм мен терроризм» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның теолог-маманы Ермағамбетов Нариман қатысты.
Теолог-маман радикалды діни ағымдардың қоғамға таралуының алдын алудың алғышарттары, орын алып жатқан терроризм актілерінің адамзатқа зардабы жайында айтып өтті.
Жиын барысында басқарма қызметкерлері тақырыпқа қатысты ой елегінде жүрген сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, дәріс соңында өз алғыстарын білдірді.
Материал Атырау облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -