Әке – бала қорғаны, отбасы – тірегі
Он жылдан астам уақыт бойы қыркүйектің әр екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күнін атап өтеді. Мұндағы мақсат – тәрбиенің бастауы – отбасы екенін ұқтырып, оның құндылықтарын сақтап, нығайту.
Елордада отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері өткізген онлайн-дәрістің арқасында әскери қызметшілер әкенің бала тәрбиесіндегі рөлінің қандай екенін білді.
Іс-шараға әскери қызметшілердің отбасылары, өңірлік қызмет мамандары, дәрігерлер мен психологтар қатысты. Қатысушылар ойларын ортаға салып, пікірталас өткізді.
Уролог-андролог Евгения Лапина мағыналы дәріс оқыды, ал 36352 әскери бөлімінің психологы капитан Ирина Гинда тренинг ұйымдастырды.
Психолог қазіргі кезде ер азамат әке атануға баланың анасымен бірдей байыппен дайындалуы керек дейді. Оған қоса әкесі өмірінің алғашқы күндерінен бастап күткен сәбидің психикалық және физикалық даму деңгейі жоғары болатынын, сезімтал және әкелеріне жақын болып өсетінін мысалға келтірді.
Елордадағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің мамандары өз жұмыстарында осындай шараларды жиі өткізеді. Келесі практикалық сабақ «Жақсы әке болудың бес жолы» деген атпен өтетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -