Келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ ШАРТТАРЫ
Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;
3) 32 жастан 6 айдан аспауы керек;
4) мерзімді əскери қызметті өткеруге не әскери-техникалық мектепте əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке адам қабылданбайды:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе ҚР ҚПК 35-бабы 1-ші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
6) əскери қызметке кіргенге дейін 3 жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған;
7) психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;
8) қызметке кірер алдындағы 3 жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы 3 жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін ҚР ҚПК 35-бабы 1-ші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
9) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған;
10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өз отбасы мүшелері туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
11) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған.
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
- Жалақыны кепілдендірілген және уақтылы төлеу
Бастапқыда 75 000-нан 150 000 теңгеге дейін (әскери атағына, лауазымына, сыныптылығына байланысты). Жалақының өсуі әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарына және лауазымдық жағдайына сәйкес көзделген.
- Кепілдендірілген зейнетақы
45-47 жасқа толған (әскери атағына байланысты) әскери қызметшілерге зейнетақы республикалық бюджеттен соңғы жалақының 50-ден 65%-на дейінгі мөлшерде, кейіннен жыл сайынғы индекстеумен (жоғарылатумен) төленеді.
- Кепілдендірілген тұрғын үймен қамтамасыз ету
Әскери қызметшілер мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін өтемақы төленеді. Оның мөлшері бір адамға айына 70 000 теңгені құрайды. Мысалы, үш адамнан тұратын отбасы үшін өтемақы – 210 000 теңге (жалақыны есептемегенде).
- Кепілдендірілген демалыс
Әскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі. Оның ұзақтығы 30-дан 45 тәулікке дейін (еңбек сіңірген жылдарына байланысты). Бұл ретте демалыс орнына дейін жол жүру жəне кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі.
Қажет болған кезде әскери қызметшілерге ауыруы бойынша, отбасы жағдайлары бойынша, оқу демалыстары (100%-ақылы) беріледі.
Кемінде 8 жыл қызмет өткерген әскери қызметшілер жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының 50% мөлшерінде өтетуге құқылы.
- Медициналық қамтамасыз ету
Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Заттай мүлікпен қамтамасыз ету
Әскери қызметшілер мемлекет есебінен заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.
- Тамақпен қамтамасыз ету
Әскери қызметшілер жауынгерлік кезекшілікті атқарған, далалық шығуларға қатысқан, əскери жүкпен ілесіп жүрген және т. б. кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Белгіленген нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде әскери қызметшілерге жалпы əскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жеңілдіктер
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -