Комплаенс-қызметкерлерді оқытуға қатысу
2025 жылғы 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ҮББ-4 («Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты) жобалар тобының қатысушылары квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметкерлерін осы бағыттағы жұмыс негіздеріне оқыту бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Іс-шараға өңір ұйымдарының 150-ден астам өкілі қатысты.
2025 жылға арналған ҮББ-4 жобалар картасын таныстыра отырып, спикерлердің бірі ҮББ-4 жобалар тобының жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Е.В. Карпова әр жобаның құрылымын, тапсырмалары мен қосалқы тапсырмаларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Жобаның негізгі міндеті - ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге ерекше назар аударылды.
ҮББ-4 осындай оқыту бастамаларына қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы ашықтық, алдын алу тәсілі және жобалық басқару қағидаттарын ұстанатынын көрсетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -