Конституциялық Сот әскери қызметшілерге командирдің өкімінде болған кезеңде ақшалай ризықты төлеу тәртібінің заңдылығын тексереді
Алдын ала қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 21-бабы 5-тармағы 3) тармақшасының, Президенттің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 64-тармағының, Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығымен бекітілген Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларының 26-тармағы екінші бөлігінің және 30-тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Дауланып отырған нормалар әскери қызметшіге қатысты күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулының шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдану кезінде оның командирдің өкімінде болу тәртібін реттейді. Осы кезеңде ақшалай ризықты төлеу тоқтатылады, ал әскери қызметші кінәлі деп танылған жағдайда төленбейді.
Баяндамашы судья: Жақыпбаев Қ.Т.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -