Конституциялық Сот сот практикасындағы адамның конституциялық құқықтары мәселелері бойынша тренинг ұйымдастырды
Конституциялық Сотта «Сот практикасы мен құқық теориясындағы адам мен азаматтың конституциялық құқықтары» тақырыбында үш күндік тренинг басталды.
Шараға Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері, Парламент, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, мемлекеттік органдар, сондай-ақ кәсіби заң және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора өз сөзінде конституциялық шағымның тиімділігі мен негізділігіне байланысты мәселелердің ерекше өзектілігіне назар аударып, осындай ағартушылық шаралардың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ, Конституциялық Сотқа бір жыл тоғыз айдан астам уақытта 8 мыңнан астам өтініш түскенін, оның 99%- ы азаматтардан келгенін хабарлады.
Дәріскерлер ретінде Солтүстік Рейн-Вестфалия әділет министрлігінің басқарушы министериалраты доктор Кристиан Райтемайер, адвокат доктор Кристиан Шайх сөз сөйледі. Қатысушылар неміс конституциялық сот ісін жүргізудің ерекшеліктерімен, оның ішінде неміс соттарының негізгі құқықтарды қорғау жөніндегі өзекті шешімдерімен танысуға, сондай-ақ конституциялық шағымның құрылымы мен жол берілу өлшемшарттарын егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік алды.
Тренингтің екінші және үшінші күндері барысында оқу кейстерін талдаумен топтық практикалық сабақтар жоспарланған.
Тренингті ұйымдастыру Германияның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры (IRZ) және Maqsut Narikbayev University қолдауымен жүзеге асырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -