КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ: Астана қаласы, 11 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шик бастаған Корея делегациясымен кездесу өтті. 2023 жылы У Вон Шикке Қорқыт ата университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілген. Ал қазір Қазақстанға Ассамблея төрағасы ретінде алғашқы ресми сапары университет студенттеріне дәріс оқуымен жалғасты.

Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова университеттің құрметті профессорына білім беру және технология саласындағы бастамаларды дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында екіжақты бірлескен жобалар талқыланып, университет тарапынан ұсыныстар айтылды.

Делегация төрағасы университет ұжымына ризашылығын білдіріп, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар Корея Республикасының делегациясына Жасанды интеллект институты және СеулТехпен бірлесіп іске асырылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Еске сала кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті (СеулТех) арасындағы «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университеттік жобасы» (LUPIC) аясында 2023 жылы Жасанды интеллект институты құрылды. Биылғы оқу жылында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі СеулТех бағдарламалары бойынша оқитын үміткерлерге 100 грант бөлініп, қазіргі уақытта 4 бірлескен бағдарламалар бойынша оқу басталып кетті.

Келесі оқу жылынан бастап СеулТехпен AI architect және Data management бойынша қос дипломды бағдарламалар іске асырылатын болады. СеулТех тарапынан зертханалық класстар ашылып, оларға қажетті жабдықтар, серверлер келіп, бизнес-инкубатор орталығы ашылады, сондай-ақ дрондар жинайтын инженерлерді даярлау басталады. Алдағы уақытта Сеултехпен ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында оқытушылар тәжірибе алмаспақ. Студенттер орыс және қазақ тілдерінен бөлек, ағылшын, корей тілдерінде білім ала алады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шик бастаған Корея делегациясымен кездесу өтті. 2023 жылы У Вон Шикке Қорқыт ата университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілген. Ал қазір Қазақстанға Ассамблея төрағасы ретінде алғашқы ресми сапары университет студенттеріне дәріс оқуымен жалғасты.

Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова университеттің құрметті профессорына білім беру және технология саласындағы бастамаларды дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында екіжақты бірлескен жобалар талқыланып, университет тарапынан ұсыныстар айтылды.

Делегация төрағасы университет ұжымына ризашылығын білдіріп, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар Корея Республикасының делегациясына Жасанды интеллект институты және СеулТехпен бірлесіп іске асырылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Еске сала кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті (СеулТех) арасындағы «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университеттік жобасы» (LUPIC) аясында 2023 жылы Жасанды интеллект институты құрылды. Биылғы оқу жылында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі СеулТех бағдарламалары бойынша оқитын үміткерлерге 100 грант бөлініп, қазіргі уақытта 4 бірлескен бағдарламалар бойынша оқу басталып кетті.

Келесі оқу жылынан бастап СеулТехпен AI architect және Data management бойынша қос дипломды бағдарламалар іске асырылатын болады. СеулТех тарапынан зертханалық класстар ашылып, оларға қажетті жабдықтар, серверлер келіп, бизнес-инкубатор орталығы ашылады, сондай-ақ дрондар жинайтын инженерлерді даярлау басталады. Алдағы уақытта Сеултехпен ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында оқытушылар тәжірибе алмаспақ. Студенттер орыс және қазақ тілдерінен бөлек, ағылшын, корей тілдерінде білім ала алады.

Аймақтағы жаңалықтар