Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қымбаттатпау шаралары жалғасуда. Ол үшін меморандумдар жасалады, өңірлік тұрақтандыру қоры қалыптастырылады, өндірушілерге айналым схемасы бойынша несие берілуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бір қалыпта ұстау шаралары туралы Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің талдау әзірлемелері бөлімінің басшысы Владислав Ли, Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің талдау әзірлемелері бөлімінің аға жедел уәкілі Қонысбек Ахметов және Қарағанды облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас маманы Мадияр Түлкібаев айтып берді.
Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізбесіне 19 атау кіреді.
– ӘМАТ сауда ережелері "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңмен реттелген. Заңның 9-бабына сәйкес, ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы тиіс. Біз үнемі ьағаны жоғарылату фактілерін анықтаймыз. Осы жылы ғана біз 30-дан астам сауда субъектісін жауапкершілікке тарттық, – деді Владислав Ли.
Қазір экономикалық тергеу департаменті ӘМАТ-қа қатысты біркелкі баға саясатын құруға назар аударды. Әлеуметтік нысандар – мектептер, қабылдағыштарға және т. б. азық-түлік жеткізу саласы ерекше назарда.
Қонысбек Ахметовтің айтуынша, 2011 жылдан бастап Қарағанды облысында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қазір онда 792 тонна өнім бар.
Сондай-ақ, өңірде делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, оған облыс әкімінің орынбасары жетекшілік етеді. Жыл басынан бері 15 отырыс өткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -