Мәскеуде ҰҚШҰ СІМК жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Мәскеу, 2024 жылғы 11 желтоқсан – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Хатшылығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен ҰҚШҰ СІМК жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Кездесудің қатысушылары Ауғанстандағы әскери-саяси жағдай бойынша пікір алмасып, оның аумағындағы террористік топтардан төнетін қауіп-қатерлердің сақтауын атап өтті.
Іс-шараға ҰҚШҰ Бас хатшы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Самат Ордабаев, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша өңірлік орталығының, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқару комитетінің, Қызыл Крест Халықаралық комитетінің, ТМД Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі Үйлестіру қызметінің, ТМД Терроризмге қарсы орталығының өкілдері де қатысты.
Жиын соңында Т. Қалиев жұмыс тобының отырысын қорытындылап, 2025 жылы төрағалық ету кезеңінде Қырғыз Республикасына табыс тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -