Мәжіліс Сингапурмен көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, заң жобасы 2023 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялауға бағытталған.
«Қазақстан үшін Сингапурмен жасалған келісім көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы туралы алғашқы келісімі болып отыр. Келісім шеңберінде қазақстандық бизнес үшін Сингапурдың көрсетілетін қызметтер нарығына қолжетімділікті кеңейтіп, жақсарттық. Айта кету керек, екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 1,8 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт 94%-ды жетті. Осылайша, Сингапур ДСҰ-дағы міндеттемелер шеңберінде ашылған көрсетілетін қызмет секторларынан басқа, Қазақстан үшін дистрибьютерлік қызметтер, білім беру саласындағы қызметтер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтер нарығына қосымша жол ашты», - деді Арман Шаққалиев.
Келісімнің мақсаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, қазақстандық экспорттаушылар үшін әріптес нарығына қолжетімділікті ашу, қазақстандық капиталдың қатысуымен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктер қалыптастыру және өзара инвестицияларды тарту және қорғау үшін қосымша жағдайлар жасау болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -