Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Саран қаласында 2024 жылдың сәуір айынан бастап Отбасын қолдау орталығы жұмыс істей бастайды.
Жобаның мақсаты: отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру шеңберінде бір терезе қағидаты бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шараларын айқындау және мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмектің барлық түрлерін алуға жәрдемдесу, дағдарысты немесе отбасылық қатынастар қақтығыстарын шешуде кәсіби көмек көрсету.
Жобаға қатысушылар:
- отбсасындағы қатыгездікке байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар (отбасылар);
- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар;
- қиын өмірлік жағдайға тап болған, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
- пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған отбасылар.
Орталық жұмысының бағыттары:
- отбасын қолдау мәселелері бойынша шараларды іске асыру мақсатында қаланың ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде отбасылық құндылықтарды нығайтуға және мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру;
- жас отбасылармен жұмысты ұйымдастыру;
- пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған отбасылармен жұмысты ұйымдастыру;
Жобаны іске асыру мерзімі: 3 жыл (2024-2026 жылдар).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -