Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайда "Жергілікті әскери басқару органдары" экспозициясы ашылды
Жергілікті әскери басқару органдары күніне арналған экспозицияның салтанатты ашылу рәсіміне Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің басшылығы, Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.
– Қазақстан армиясының ажырамас бөлігі ретінде жергілікті әскери басқару органдары Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жеке құраммен жасақтаумен және оларды жауынгерлік әзірлікте ұстаумен айналысады. Сіздер орындайтын міндеттердің ауқымы кең. Сол себепті қызметтеріңіз терең білім мен қарым-қабілетті талап етеді. Осы маңызды қызмет саласында сіздерге табыс тілеймін, - деді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы полковник Фархат Құрманғажинов.
«Жергілікті әскери басқару органдары» экспозициясы мұражайдың төртінші қабатында орналасқан. Мұнда жергілікті әскери басқару органдарының жұмысы туралы тарихи құжаттар мен сирек экспонаттарды көруге болады.
Іс-шара соңында Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Айдын Сағымбеков елорданың жергілікті әскери басқару органдарының үздік қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -