«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа:
1) қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелерібар отбасылар қатыспайды.
Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағиданың қосымшасына сәйкес 15 мамырдан 15 маусымға дейін әкімдіктердің аудандық (қалалық) комиссияларына қағаз және (немесе) электрондық нұсқаларда нысан бойынша портфолио беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынады;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың (кемінде екі) ұсыным хаттары);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;
8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысқанын растайтын құжаттардың (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) көшірмелері);
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру арқылы жүзеге асырылады.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.
Аудандық (қалалық) комиссия құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінім ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.
Құжаттар Саран қаласы әкімдігінің 201 кабинетіне, Жамбыл көшесі, 67 мекенжайына ұсынылады. Электрондық пошта ovpsaran@mail.ru, анықтама телефоны 74018, 87786238201
Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кеш ұсынған отбасылар конкурсқа қатыспайды.
Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған
өтінім
- Отбасы құрамы:
Р\с №
| Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туыстық дәрежесі | Туған күні (күні, айы, жылы) | Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы | Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
- Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________
- Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________
- Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ____________________________________________________________
- Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________________________________________________
- Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ______________________________________________________________
- Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
- Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
- Өзге де құжаттар ___________________________________________
Қолы __________
Күні __________
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -