Омбудсмен Артур Ластаев пен Мейрам Аюбаевтың кездесуі өтті: Астана қаласы, 04 Сәуір 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Омбудсмен Артур Ластаев пен Мейрам Аюбаевтың кездесуі өтті

Омбудсмен Артур Ластаев пен Мейрам Аюбаевтың кездесуі өтті

Омбудсмен Артур Ластаев пен Мейрам Аюбаевтың кездесуі өтті

Омбудсмен Артур Ластаев пен Мейрам Аюбаевтың кездесуі өтті
Омбудсмен Артур Ластаев пен Мейрам Аюбаевтың кездесуі өтті

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қылмыстық-атқару жүйесі саласында көп жылдық тәжірибесі бар заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Мейрам Аюбаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қамауда ұсталатындардың, тергеу изоляторларындағы тұлғалардың, сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын азаматтардың құқықтарының сақталу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы пробация жүйесін дамыту және қылмыстық-атқару жүйесінде адам құқықтарын қамтамасыз етудегі ғылыми тәсілдерге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысында Мейрам Аюбаев Уәкіл институты жүргізіп жатқан, сотталғандардың құқықтарын қорғауға бағытталған зерттеулерге ғылыми қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және осы бағыттағы заңнаманы дамыту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін атап өтті.

Омбудсмен Артур Ластаев профессор Мейрам Аюбаевқа ғылыми қызметі үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қылмыстық-атқару жүйесі саласында көп жылдық тәжірибесі бар заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Мейрам Аюбаевпен кездесу өткізді.</p> <p>Кездесу барысында қамауда ұсталатындардың, тергеу изоляторларындағы тұлғалардың, сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын азаматтардың құқықтарының сақталу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы пробация жүйесін дамыту және қылмыстық-атқару жүйесінде адам құқықтарын қамтамасыз етудегі ғылыми тәсілдерге ерекше назар аударылды.</p> <p>Кездесу қорытындысында Мейрам Аюбаев Уәкіл институты жүргізіп жатқан, сотталғандардың құқықтарын қорғауға бағытталған зерттеулерге ғылыми қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және осы бағыттағы заңнаманы дамыту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін атап өтті.</p> <p>Омбудсмен Артур Ластаев профессор Мейрам Аюбаевқа ғылыми қызметі үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар