Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді
2024 жылғы 13 маусымда Қараменді ауылдық округінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Наурызым ауданы білім бөлімінің Жамбыл ЖББМ» КММ-нің аумағында сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін Наурызым аудандық терроризмге қарсы жедел штабымен терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризмнің
зардаптарын барынша азайту және жою болып табылады.
Өткізілетін іс-шараларға байланысты Қараменді-Раздорльный-Аралкөл тас жолында және Байтұрсынов көшесінде қозғалысты шектеу шаралары көзделген.
Азаматтардан сабырлы болуды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және қозғалудан бас тартуды сұраймыз.
Қостанай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -