Қостанайлық өрт сөндірушілер Ресеймен шекарадағы өртті сөндірді
Термалды нүктелерге мониторинг жүргізу барысында ТЖ департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Жітіқара ауданымен шекараға жақын Ресей аумағында өрт ошағын тіркеді.
Өрт тез таралып, Қазақстан аумағына өтті. Жағдайға ден қойып, Қостанай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына бет алды.
Шекара аумағындағы қашықтықтан орналасуы, сондай-ақ жел түріндегі ауа-райының жағдайы Өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып, өрттің тез таралуына ықпал етті.
Құтқарушылардың жедел реакциясы мен шекара қызметімен және басқа да органдармен үйлестірудің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол бермей, Қазақстан аумағында 1400 шаршы метр аумақта өртті жедел оқшаулауға және сөндіруге мүмкіндік туды.
Табиғи өрттің салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -