Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды
Сағат 14.30-да Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында жалпы ауданы 10 000 га дала өрті оқшауланды.
Өртті сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қ.ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, орман шаруашылығы қызметтерінің құтқарушылар топтары және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысты.
Өртті оқшаулауға 239 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Өрт ошақтарына барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.
Қазіргі уақытта шабынды шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -