ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ TETHER-МЕН БІРЛЕСІП БЛОКЧЕЙН БІЛІМ БЕРУ КУРСТАРЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Tether компаниясымен және IITU университетімен бірлесе отырып, блокчейн курстарының басталғаны туралы хабарлайды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Tether компаниясымен және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (IITU) бірлесіп, блокчейн-технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы — Tether компаниясымен серіктестікте әзірленген «Блокчейнді игеру» атты жаңа білім беру курсын іске қосады. Бұл курс 10-11 мамырда Грузияның Тбилиси қаласында өткен Tether «Pioneering Progress» халықаралық форумында қол жеткізілген келісімнің бөлігі болып табылады.
Жоба блокчейн-технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған, бұл экономиканы цифрландыруда және озық технологияларды енгізуде маңызды қадам болады.
Ынтымақтастық аясындағы бұл курстар студенттерге:
орталықтандырылмаған жүйелерді әзірлеу;
криптовалюталарды құру және пайдалану;
сондай-ақ блокчейннің басқа аспектілері бойынша озық білім мен практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Курсты биыл 29 қазанда іске қосу жоспарланып отыр және оқу 26 қарашаға дейін жалғасады. IT-мамандықтарының студенттері, сондай-ақ жаңа перспективалы салада барлық терең білім алғысы келетіндер қатыса алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -